Букмекерлік кеңсеге барған адамның бет-бейнесі бақылауға алынады
Бұл жайында мәжілісте Ойын бизнесі туралы заң жобасын талқылау кезінде депутат Елнұр Бейсенбаев айтты, деп хабарлайды compromatbase.com.
Сонымен қатар, заң жобасында букмекерлік кеңселерде бәс тігу, ақша алу және төлеу кезінде қатысушыларды бейне-биометрикалық идентификациядан өткізу міндеттеледі. Ойын бизнесі ұйымдастырушыларының үшінші тұлғалардың банктік карточкаларына төлем қабылдауына шектеу қою мәселесі қарастырылған. Мемлекеттік қызметшілердің, құқық қорғау және әскери қызметкерлердің бәс тігуіне тыйым салу ескерілген. Шамамен 220 мыңға жуық қызметкердің құмар ойын ойнауы шектеледі, — деді депутат.
Депутаттың сөзінше, бәс тігіп, құмар ойнаудан әр азамат өзін 10 жылға дейін заң жүзінде шектей алады. Егов-мобайл қосымшасы арқылы реттелетін шектеуді қайта алып тастау мүмкін емес.